Ақтауда заңсыз салынған таунхаус бұзылды. Қожайын Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандарына тексеріс кезінде құжат көрсете алмапты. Нәтижесінде сот шешімімен ғимарат жермен-жексен етілді. Таунхаус Ақтаудағы «Приморский-1» тұрғын үй массивінде орналасқан. Еске салайық, осыған дейін заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені мен қонақ үй бұзылды. Екі нысанның да жобалау-сметалық және құрылыс бастауға қажетті құжаттары болмай шықты.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0