Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4, 5, 7, 9, 11-шағын аудан қоқыс-қалдықтан тазартылуда. Мұнда коммуналдық жұмысшылар тәулігіне 25-30 тонна қоқыс шығарып жатыр. Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін мекемелердің өкілдерін қоса айтқанда қала тазалығына жалпы саны 400-дей адам жұмылдырылған. Акция шеңберінде айнала абаттандырылып, жарық шамдары жаңартылып, тротуаплар мен тентектер қиратқн орындық, қоқыс жәшіктері де қалпына келтірілуде. Былтыр желтоқсан айында 27, 28, 29, 12, 32А, 32Б шағын ауданы тазартылып, қаланың өңі біраз кіріп қалған еді. Бұл жұмыс алдағы уақытта басқа да шағын аудандарда да жасалмақ.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0