Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚПАНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛҒАЛЫ ТҰР

Ақпан солтүстік өңірлердегі секілді ақырып келмесе де, Атырау аймағы үшін құбылмалы болғалы тұр. Жиі-жиі жауын жауып, қар, тұман түседі. Көктайғақ қаупі бар. Жергілікті синоптиктердің сөзінше, өңірдегі күн райы атмосфералық қысымның жоғары болуы себепті және циклонның әсерінен өзгеріп отырады.

Миргүл ҒИЛАЖЕВА, «ҚазГидромет» РМК АОФ жетекші инженер-синоптигі:

 — Ақпан айында орташа ауа температурасы 3-8 градус салқынды көрсетеді, бұл нормадан екі градусқа жоғары. Жауын-шашын да нормадан артық түседі. Негізі қалыпты көрсеткіш 9-16 мм аралығында. Бірінші, үшінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында қар жауып, тұман түседі. Екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел де жиі соғуы ықтимал.

Қыстың соңғы айында күн райының бұлай құбылуын қазақ халқы «Бөрі сырғақ» амалымен байланыстырған. Айдың соңындағы сырғақ пен қатты боранды күндері қасқырдың арланы мен құртқасы жұптасады. Сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін атайды. Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай ақпанның соңғы сырғақ пен боранды күндерін «Бөрі сырғақ» атаған көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...