Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырау облысында вагондар рельстен шығып кетті

Бүгін 03:25-те Жылыой ауданы «Құлсары» теміржол стансасында поезд вагондары рельстен шығып кетті.

«Құлсары» теміржол стансасындағы № 11-ші жолда «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 бірлік жартылай вагондарының рельстен шығып кету фактісі орын алды. Тепловозда 62 вагон болған.

Атырау облысы төтенше жағдай департаменінің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, вагондарда күкірт тиелген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ және күкірт далаға төгілмеді.

«Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданы «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның қалпына келтіру пойызы шықты.Осы жағдайға байланысты Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб жұмыс істеуде және  тиісті шаралар атқарылып жатыр», — деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобындағылар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *