Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырау базарларында киік еті емін-еркін сатылуда

Атыраудағы базарлардың бірінде киік еті емін-еркін сатылып жатыр. Тіпті ватсап желісінде «киік еті» деген атаумен чат ашылып, мыңдаған адам ақбөкеннің етін алуға қызығушылық танытып, кезекке тұруда.

Ақбөкен етінің базарға қайдан келетіні белгісіз. Өйткені қалалық ветеринарлық станса оның облыс бойынша еш жерде сатылмайтынын айтып отыр.

Ал, соңғы күндері әлеуметтік желіде қандай жолмен бауыздалғаны белгісіз, жүк көлігінде қансырап жатқан бір топ киіктердің видеосы таралуда.

Саудагерлердің айтуынша, «тауарлар» Батыс Қазақстан облысының даласынан әкелініп жатыр. Бір келісі 1500-1700 теңге аралығында. Етті жеткізу арқылы да тапсырыс беруге болады, деп жазады.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *