Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ ТАС ЖОЛЫНЫҢ СОҢҒЫ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Атырауға ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев келіп, құрылысы әлі бітпей жатқан «Атырау-Астрахань» тас жолының бойындағы жұмысты көрді. Қазір мердігер мекеме асфальттың соңғы қабатын төсеп жатыр. 212 шақырым бойында 612 маман жүр, 408 арнайы техника пайдаланылуда. Министрдің айтуынша, жұмыс толық аяқталғаннан кейін Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданына дейінгі аралықты 2,5-3 сағатта жүріп өтуге мүмкіндік туады. Ресми мәліметке сенсек, бұл жолмен күніне 5 мыңға жуық автокөлік өтеді. Ал пайдалануға берілгеннен кейін аталған трасса бойындағы көлік қарқыны 75 пайызға артуы мүмкін деген болжам бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...