Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫ МУАЙ-ТАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Атыраулық үш спортшы туған жерге жеңіспен оралды. Олар 30-мамыр мен 9-маусым арасында Грекия мемлекетінің Патра қаласында ерлер мен әйелдер арасында муай-тайдан өткен әлем чемпионатына қатысып, 1 алтын, 1 қола медальға ие болды. Облыстың емес, еліміздің абыройын асырған Әбіл Галиев 63,5 келі салмақта әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Жерлесіміз Украина, Франция және Вьетнам спортшыларынан басым түсіп, жеңіске жеткен. Жалпы жекпе-жек 17 мен 40 жас аралығындағы қыз-жігіттер арасында өтіп, оған 93 мемлекеттен 560 спортшы қатысыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДА

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *