Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ КЕЛІНШЕКТЕР «АБЫСЫН-АЖЫН» БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Атыраулық келіншектер Маңғыстауда өткен республикалық «Абысын-ажын» байқауынан жүлделі оралды. Конкурста Қазақстанның 7 өңірінен келген бір әулеттің келіндері сынға түскен. Олар өздерін таныстыру, қолөнер бұйымын жасау, көрініс қою, өнер көрсету, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру секілді 5 кезеңнен өтіпті. Байқаудың мақсаты — абысын мен келін арасындағы татулықты насихаттай отырып, ұлттық тәрбиені, салт-дәртүрді жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бізден аттанған «Мәккі әулетінің» келіндері жүлделі екінші орынмен қайтты. Бас жүлдені алматылық келіншектер жеңіп алса, бірінші орын маңғыстаулық Бітімовтер әулетінің келіндеріне бұйырды.
Толығырақ бейнематериалда https://fb.watch/nLUzzO5xyI/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *