Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АЙЫНА 9-10 МЫҢ ТОННА АВТОГАЗ КЕРЕК

Автогаз сатумен айналысатын атыраулық кәсіпкерлер өздеріне керекті мөлшерде сұйық отынға қол жеткізе алмай жүр. Оған министрліктің жергілікті әкімдікке бөліп берген газының жетпеуі себеп. ҚР Энергетика министрлігі тоқсан сайын өңірлерге лимит бекітіп береді. Атырау облысының сұранысы 9-10 мың тонна сұйытылған отын болса, уәкілетті органның бөліп отырғаны 5,5 мың тоннадан аспайды. Осылайша кейбір кәсіпкерлердің кәсібі тұралап жатқан көрінеді. Бұл мәселе AMANAT партиясының облыстық филиалында өткен партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысында көтерілді.
Толығырақ https://fb.watch/l5ZLd99uq3/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *