Жаңалықтар

Атыраулықтар алданған қаржы ұйымының басшысын күшпен ұстап отырғаны рас па?

«Атырау, Caspian News. Атыраулықтар «Home Avto Invest» ЖШС-гінің директорын кепілге алды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды.

Мұны Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 22 ақпан күні полицияға қаладағы ықшамаудандардың бірінде топтасқан адамдар бір ер азаматты күшпен ұстап отырғандығы туралы ақпарат түскен. Жедел-тексеру тобы аталған мекен-жайға барып, жиырма бес жас шамасындағы азаматты қалалық полиция басқармасына жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде «Қос бірдей қаржы құрылымы жүздеген атыраулықты тақырға отырғызып кеткендіктен, бұл компанияның салымшылары да үрейленіп, директорды күшпен ұстап, кепілге салған дүние-мүліктерін қайтаруды талап етіп жатыр» деген ақпарат тараған еді.Айта кетейік, қазіргі таңда «Гарант 24 Ломбард» директоры қамауға алынған, ал «Нур-Али Капитал» ЖШС-гі басшыларын полиция іздестіруде.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...