Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА 11 МЫҢ ОҚУШЫ ТҰМАУМЕН АУЫРЫП ЖАТЫР: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Caspian News, 21 қараша. Атырау қаласындағы 69 мектепте оқитын 80 мыңнан астам баланың 11 мыңы тұмау симптомы бойынша тіркелген. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов хабарлады.

Басқарма мәліметінше, қала мектептері әзірге онлайн оқуға көшкен жоқ. Себебі санитарлық талапқа сәйкес, бір сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ауырмаған жағдайда офлайн оқу форматы сақталады.

Мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген:

  • кабинеттер жиі желдетіліп жатыр;

  • маска тағу бойынша ұсыныс берілген;

  • күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Марат Әбуов:
«Егер бір сыныптың ішінде 30 пайызға дейін бала тұмаумен ауырса, онлайн оқыту туралы тапсырма беріледі. Кейбір ата-аналар баласын дәрігерге көрсетпей, үйде емдеп отыр – бұл заңды шешім қабылдауды қиындатады. Ал сабаққа келмегендердің барлығы тұмаумен ауырмайды: бір бөлігі жарыстарда, кейбірі басқа себептермен қалуда», – деді ол.

Аудандардағы жағдай да бақылауда. Тек Индер ауданындағы бір мектептің мектепалды даярлық тобында тұмау жұқтыру көбейіп, топ уақытша онлайн оқытуға ауыстырылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *