2 қаңтарда сағат 11:10-да Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы Call орталыққа қоңырау түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды.
Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды. Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0