Атырауда жазушы-драматург Әлішер Рахаттың «Қыр баласы» драмасы сахналанбақ. Қойылым небары 45 жыл өмір сүріп, «ұйықтап кетіп оянбай қалған» қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Яғни, оның өмірдегі, өнердегі жолы, студенттік шағы, жалпы тағдыры қойылым арқылы көрсетіледі. Әндері шырқалып, өлеңдері де оқылады. Қоюшы режиссер Шағуан Үмбетқалиевтың сөзінше, премьераның дайындығына шамамен бір жылдай уақыт кеткен. Осы аралықта актерлер біраз ізденіп, тыңбай еңбек етіпті. Өнер сүйер қауым премьераны 17-18-қаңтар күні тамашалай алады. Басталуы 19.00-де. Өтетін орны Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры. Билеттер тикетон сайтында және театр кассасында сатылады. Бағасы 2000 теңге.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0