Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.
Күдікті ақпан айы басталғалы кәсіпкердің азық-түлік сататын маркетінің қызметін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсіріп, тауар салынған сөрелерін ақтарып шу шығарған. Кейін оны жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алып кетемін деп 47 мың теңгені құрайтын тауардың ақысын төлемей алып кеткен.
Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмедегі киім қалтасынан 20 мың теңге қаражатын ұрлағаны анықталды.
Қазіргі таңда күдікті қамауда, ұрлық және бопсалау деректеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде! Қандай да бір ақпаратты білсеңіз немесе куә болсаңыз 98-22-05 немесе 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.