Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда заңсыз жүрген шетелдіктерге елден кету талабы қойылды

Атырауда заңсыз жүрген Ауғанстан мен Бангладеш Республикасының азаматтары ұсталды. Сот шешімімен Қазақстанның көші-қон заңдылығын бұзған шетелдіктерге елден кету талабы қойылды. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлескен жедел іс-шара өткізіп, заңсыз жүрген Ауғанстан және Бангладеш Республикасының 6 азаматын анықтады.

«Шетел азаматтары 2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан аумағына сауда-саттық, маркетинг жүргізу мақсатымен Алматы және Қостанай қалаларына барып келген. Алайда, визаларының мерзімі өтіп, заңнаманы орындамаған шетелдіктер ел аумағынан шықпай қалған. Осыған байланысты сот шешімімен 4 шетелдікке айыппұл салынды. Ал, 2 шетелдіктің визасы жарамсыз деп танылды. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған барлық шетелдікке Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге шығу визалары берілді. Енді олар Қазақстан шекарасынан 15 күннің ішінде шығып кетуі керек», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын биыл Атырау облысына жұмыс істеуге 4 765 шетелдік келетінін жазған болатынбыз.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *