Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда жоғалған үш адамды іздеуге тікұшақ тартылды

Атырау облысында кеше жоғалып кеткен үш адам тікұшақпен іздестіріліп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, үш адам 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Toyota» маркалы автокөлігімен​ жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

«Үш адам Мақат ауданындағы Доссор кентінен Қызылқоға ауданының Қарабау ауылына қарай жолға шығып, түнге дейін оралмаған. Телефон байланысы жоқ. Бұл туралы бүгін,​ 10 қаңтарда сағат 00:00-де жоғалған адамдардың туыстары Атырау облыстық ТЖД аумақтық бөлімшесіне хабар берді»,— деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір​ Атырау облысының ТЖД күштері жоғалған 1984, 1986 және 1996 жылғы​ үш адамды іздестіріп жатыр. Бүгін 10 қаңтарда сағат 13:26-да іздестіру-құтқару жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақ бортында ТЖД-ның 4 қызметкері, жоғалғандардың туыстары мен​ экипаждың 5​ мүшесі бар.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *