Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда жоғалған бойжеткен табылды

Атырау қаласында жоғалған бойжеткенді құтқарушылар 17 қараша күні сағат 10:20-да аман-есен тапты. Бұл туралы департаменттің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

Айта кетейік, 2003 жылы туған азаматша 14 қарашада сағат 21:50де үйінен белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған болатын. Ал, 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан іздестіру жұмыстарын жүргізуді сұрап, өтініш берді.

Өтініш түскен бойда, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті. ТЖД қызметкерлері екі күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинологиялық қызметтің көмегімен іздестірді. Оған департаменттен бес қызметкер, бір кинологиялық есеп, бір техника жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін, 17 қараша күні сағат 10:20-да ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жұмыскер ықшамауданында орналасқан қараусыз тұрған сарайдан жоғалған бойжеткенді аман-есен тауып, полиция департаментіне тапсырды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *