Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА ЖИҺАЗ БАҒАСЫ БІР ЖЫЛДА 7 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

 Өткен жылы Атырауда жиһаз бағасы 7 пайызға өсіпті. Ал республика бойынша 15 пайызға шарықтаған. Мұны бұл тауарлардың сырттан әкелінетіндігімен байланыстыруға болады. Себебі өзімізде бұл жағы ақсап тұр. Бірақ солай екен деп тұрмыстық бұйымнан тартынып жатқан ешкім жоқ.

Мұны осы салада 10 жылдан бері жүрген Людмила  Капанова да растайды. Айтуынша соңғы үш жылда жиһаз бағасы шамамен 5-7 пайызға өскен және мұның бірнеше себебі бар. Ол — материалдың, логистиканың, коммуналдық қызметтің қымбаттауы, жұмысшының жалақасы. Бұл жиһазды өздері жасап, сататындарға үлкен салмақ. Сол себептен нарықта өндірушілерге қарағанда, дайын өнімді сатушы көп. Дегенмен біздің кейіпкеріміз екі бағытты да қатар алып жүр.

 Ал жаңа жиһаз сатып алуға шамасы жетпегендер қолда барды жаңартып, оны соңғы үлгідегі дизаинмен сәйкестендіргенді жөн көреді. Содан болар Атырауда реставрация жасайтын шеберлердің қызметіне деген сұраныс артқан.

 Атыраулықтар пайдаланып жүрген жайлы да жұмсақ мүліктің басым бөлігі Түркияда жасалған. Ресми орын өкілдерінің сөзінше өткен жылы облысқа 3000-ға жуық жиһаз әкелініпті

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *