Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда жасөспірімдер арасында суицид көбейген

Атырауда жасөспірімдер арасында суицид көбейген. Ал буллингке ұшыраған балалар туралы жиі айтылғанмен нақты дерек жоқ. Яғни полицияға «балам зәбір көріп жатыр» деп ешкім арыз түсірмейтін көрінеді. Бұл Amanat партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Былтыр 4 жасөспірім өз еркімен өмірден кетсе, биыл 11 жеткіншек суицид жасаған. Айта кетерлігі – балалардың не себепті мұндай қадамға барғандығы көп жағдайда анықталмайды.

Білім беру басқармасындағылар мәселені алға қарай психологиялық көмек көрсету орталығын ашу арқылы шешпек ниетте.  Ал буллингке келсек  полицейлер бұл қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғанымен, ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделмегенін айтады. Тек болған факті бойынша тентектің іс-әрекеті  сараланады. Сонымен жылы жабылады. Жыл басынан бері буллинг белгісі бар 8 факт анықталған.

Атырау облыстық ПД мәліметінше, биыл жасөспірімдер 65 қылмыс жасапты. Былтыр бұл көрсеткіш 39 болған. Көбісі ұрлық жасағаны,  кейбірі басқа да қылмысқа қатысы болғаны үшін шаталған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *