Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті.
3 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Көкарна ауылының тұсында Атырау-Дамба тасжолында Toyota Prada, Kia, Камаз және ВАЗ-2112 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан соңғысының жүргізушісі және кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.
Автокөліктегі жолаушы әйел адам мен үш жасөспірім жедел-жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0