Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда ерлер колониясы аумағына есірткі өткізбек болған

Атырауда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлері қауіпсіз мекеменің аумағына дрон арқылы есірткіні өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды CaspianLife.

ҚАЖД №15 мекемесінің (орта қауіпсіздіктегі ерлер колониясының) қызметкерлері, сондай-ақ ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚБ) қызметкерлері есірткі заттарын колония аумағына дронмен өткізбек болған күдіктілерді ұстады.
Күдікті азаматтар Н.Р. және И.Р. мінген «Мерседес-Бенц» автокөлігінен арнайы иісі бар лентаға оралған 8 пакет қою-жасыл түсті зат: «трамадол» препаратының 26 пластинасы және 6 пластина «тропикамид» психотроптық препараты, сондай-ақ пультпен басқарылатын бір дрон табылған. Аталған азаматтар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...