Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА БҰРЫНҒЫ ӘЙЕЛІН ӨЛТІРМЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

Атырауда азаматтық некеде болған бұрынғы әйелін өлтірмек болған жігіт іздестірілуде. Ал мойны мен иығына пышақ тиген 33 жастағы келіншек қазір Атырау облыстық ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауырлау.

Атырау облыстық полиция департаменті өкілінің мәліметіне қарағанда, кезінде көңіл жарастырған адамына суық қару сілтеген 29 жастағы күдікті қазір іздестіріліп жатыр. Тергеу басталған.

 Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы

— 95-жылы туылған ер адамға қатысты қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктіні ұстауға бағытталған кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Жәбірленушіге қатыстығ сот медициналық-сараптамасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, оқиға 9-маусым күні қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Үйінен шығып бара жатқан 33-жастағы әйелді дәлізде азаматтық некеде болған бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *