Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ №42-МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ АҚША ТАЛАП ЕТІП, ҚАТАРЛАСЫН ҚАН ЖОСА ҚЫЛДЫ

Бет-аузы қанжоса болған ұлын көрген Нұргүл Жұбатырова бірден мектепке келген. Баласының мұрнынан саулаған қан еденде сол күйі жатыпты.  Бейнекамерадағы жазбада алаңсыз отырған жеткіншекті өзге оқушының әуелі жұдырықпен бетінен ұрғаны, сәлден соң бетінен тепкегі анық көрінеді. Келіншектің сөзінше, мұндай жағдай бұрын да болған. Ол баласының өзге мектептен ауысып келгелі бері теперіш көріп жүргенін айтады.

Нұргүл ЖҰБАТЫРОВА, ата-ана:

 — Мектепте балалар  500 теңгеден, 1000 теңгеден сұрайды. Бермесең ұрады ,- дейді. Күнде таяқ жеп келеді екен. Қолдарының бәрінде көгерген бар. Баламды шешіндіріп, дәлелдеп көрсете аламын. Мектеп басын алып қашып отыр.  Қанша келіп ескерттім, директорына, апайына да.

Нұргүл Жұбатырова бұған дейін де мектепте баласын оқушылардың дәретханада ұрып, ақша талап еткенін ескертіпті. Онда  ұрған баланың ата-анасы кешірім сұрап, жылы жапқанмын,- дейді. Соңғы кезде ұлының   сабағы нашарлап, мінезі өзгере бастағанын айтады. Ал сынып жетекшісі де, директор да  мектепте ешқандай әлімжеттік  те, ақша сұрап бопсалау да жоқ,- деп  азар да безер.

 Жанаргүл БИСЕНОВА, сынып жетекшісі

— Бір-бірінің сөзін көтере алмайды  қазіргі балалар. Ақша сұраған жоқ. Біздің мектепте ақша сұрау деген мәселе жоқ.

 Айнамкөз  БИСЕНҒАЛИЕВА, №42 мектептің директоры

 Ақша бопсалау деген жоқ. Оқушылар арасында болады ғой асханаға барады. Пирожки алады деген сияқты, сондайда бөліп беру, бір-біріне сондай нәрселер орын алды. Оның бәріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Бүгін білім ордасында ала таңнан бері қарбалас. Білім бөлімі басшылары да, полиция қызметкерлері де осында.

Жеткіншекті теккілегендер де 7-сыныпта оқиды.  Қазір олардың ата-анасы мен өздерінен түсінік алынып жатыр. Жасөспірімнің  заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып,  сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал әлеуметтік желі қолданушылары мектеп ішінде осындай жағдайға жол берген директор мен сынып жетекшісін жауапқа тарту керек екендігін айтуда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *