Басты ақпаратЖаңалықтар

АТА-АНА БАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ НЕ ІШІП-ЖЕГЕНІН КӨРЕ АЛАДЫ

Ақтаулық ата-аналар балаларының мектеп асханасынан ас ішкенін бақылай алады. Себебі жаңа оқу жылынан бастап еліміздің 250 мектебінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады. Пилоттық жоба «eGov Mobile» қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірлеген. Аталған жоба ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде қолдануға, балаларының мектеп асханасына барғандығын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жалпы тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйесі 15 өңірде жұмыс жасап тұр. Сол өңірлердің бірі — Маңғыстау облысы. Онда аталған жоба 31 мектеп пен 30 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Мамандардың айтуынша проактивті жоба іске қосылмас бұрын ата-аналар арасында алдын ала сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде жобаны көпшілік қолдаған көрінеді.

 

Толығырақ 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *