Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы төгілген мұнай өніміне қатысты түсінік берді. Жуықта әлеуметтік желіде зауыт аумағында сұйықтықтың төгіліп, көл болып жатқаны түсірілген видео тараған. Зауыттағылар №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компонентін айдау желісінде ақау шыққанын растады. Шамамен 20-30 тоннадай мұнай өнімі төгіліпті. Бірақ сорылып алынып, өңдеуге жіберілген. «Ешқандай шығын жоқ, зауыт штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — дейді «АМӨЗ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрлан Ещанов
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0