Басты ақпаратЖаңалықтар

АМӨЗ-дегі жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды

Әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болғаны жайлы хабар тарады.
Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мәлімдеме жасады.

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде соңғы жарияланған бүкіл ақпараттың назарға алынып, қарастырылатынын хабарлаймыз. Жақын арада арнайы комиссия кәсіпорында толық тексеру жүргізеді» дейді компаниядан.
Жалпы өндірістік процесс бұзылған жоқ.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қазіргі ахуал туралы мәлімет берді.

«Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ескертулер жоқ. Сонымен бірге, ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының тапсырмасымен кешегі әлеуметтік желіде тараған мәліметтердің қорытындысы бойынша тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына мүшелер таңдап алынды, жұмыс жүріп жатыр» делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан бейнеде.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *