Басты ақпаратЖаңалықтар

АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙГЕ 15 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Атыраулық полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы тұрған азаматтан алаяқтық жолмен 1,5 млн теңге ақшасын иемдеген. Қылмыстық іс Атырау қаласындағы №2 cотында қаралды. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі тұрғынның құқықтық сауатсыздығын және психологиялық күйін пайдаланыпты. Ол бұл қаржыны айыппұл төлеу үшін деп жалған айтқан. Сот отырысында прокурор айыпталушыға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Десе де сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Нәтижесінде, полиция капитаны «алаяқтық» фактісі бойынша шешінен және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, параның 10 еселенген сомасы мөлшерінде — 15 млн теңге айыппұл арқалады. Еске салайық, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *