Басты ақпаратЖаңалықтар

Аймақ басшысы жастармен кездесті

Облыс әкімі Серік Шәпкенов өңір жастармен кездесті.  Алдымен аймақ басшысы жергілікті оқу орындарындағы ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен студенттердің Start-up жобасы қойылған көрмені тамашалады.

Кейін еркін форматтағы кездесуде жастардың айтарына құлақ түрді. Мысалы кездесу барысында ғылыммен айналысатын студенттерді қолдау, қосымша оқу корпусын, жаяу жүргіншілер жолын салу, креативті индустрияны дамыту, Жайық өзенінің бойын абаттандыру туралы айтылды.

Сондай-ақ, Серік Шәпкенов өңірдегі кадр әлеуетін дамытудағы жоғары оқу орындарының маңызына тоқталып, жастардың болашағы ғылым мен білімде екенін тағы да атап өтті.

 

Серік ШӘПКЕНОВ, Атырау облысының әкімі

 —  Біз бірінші кезекте біздің жастарымыздың тиісті деңгейде көңіл бөлуіміз керек. Себебі қандай да бір ел болсын қазіргі заманда егер ол бәсекелестікке қабілетті елдердің бірі боламын десе,  ол тек қана ғылым мен біліммен ұтады. Бұл білім саласын дамытуымыз керек. Біздің жастарымыздың алған білімі басқа елдердегі білім ошақтарынан кем болмауы керек.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *