Мақатта болған атысқа қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталды. Еске салсақ, 15 мамыр күні кешкілік уақытта болған оқиға кезінде 35 жастағы жігіт жарақат алып, сол жерде көз жұмған. Енді бір азамат аудандық ауруханада жатыр. Қазір бұл іске байланысты қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Полиция департаментіндегілер өзге ақпаратты жария етпеді.
Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД ресми өкілі
- Бұл жаппай төбелес емес. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты екі күдіктіні анықтады. 2000 жылы туған азамат ұсталып, қазір уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 99 бабының І бөлігі бойынша жүргізілуде.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0