Басты ақпаратЖаңалықтар

АГЕНТТІК ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНАН ТАРИФТІ ТӨМЕНДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ

Еліміздің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларынан тарифті төмендетуді талап етіп отыр. Бірақ, нақты шешімді сот қабылдамақ, — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. Олар былтыр ұялы байланыс қызметі бағасының өсу фактісіне мониторинг жүргізіп, «Кселл» АҚ , «Мобайл Телеком — Сервис» ЖШС (Тele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС-ның (Beeline) Кәсіпкерлік кодексті бұзып, өзара келісіп, тарифті көтергенін біліп, тергеп-тексеруді бастаған. Сонымен қатар, олардың тарифтік жоспарындағы бір минуттық қоңырау құнын 18 теңге деп белгілеуін де құқық бұзушылық деп тауып, операторларға мұны туралы хабарлама жіберді. Онда бағаны негізді түрде төмендету қажеттігі айтылған. Бірақ бұған келіспеген операторлар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясында сотқа шағым түсірді. Осы себепті тергеу де сот шешім шығарғанша тоқтатылған. Жуықта агенттіктің Астана қалалық департаменті қатысты тарифтік пакеттегі үй интернетінің жылдамдығын шектеуге қатысты «КаР-Тел» ЖШС-не ұйғарым жіберді. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты осындай заң бұзушылық белгісі бойынша тергеп-тексеру басталды.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *