Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы авангардтық атқышқа үкім кесті.
3 адамды өлтіріп, біреуін басынан жарақаттап, мүгедек еткен маңғыстаулық Бауыржан Қара өмір бойы түрмеде отыратын болды. Оған қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамды өлтіру», «заңсыз қару сақтау» сияқты екі бабы бойынша айып тағылған еді. Сот процесі кезінде бірнеше сараптама жасалып, айыпталушының қылмысқа саналы түрде барғандығы дәлелденді. Сондай-ақ Бауыржан Қара жәбірленушілердің әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян төлеуі тиіс. Және оны екі ай ішінде төлеу мендеттелді. Әйтпесе, мәжбүрлі түрде өндірілмек. Сотталушы жазасын қатаң әрі ерекше тәртіптегі түрмеде өтейді. Ал әзірге аппеляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар.
Толығырақ: https://fb.watch/ktPY42vH4T/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0