Басты ақпаратЖаңалықтар

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ МАМЫРДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Атыраулық полицейлер 80 -ге жуық мектепке барып, оқушыларға жол ережелерін түсіндірді. Бұл жұмыс республикалық «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшылары құр сөзбен шектелмей, сабақ аяқталған уақытта кішкентайларды жаяу жүргіншілер жолынан бағдаршамға қарап өту керектігін ескертті. Айта кетейік, былтыр балалардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы болған. Одан 2 жасөспірім қаза тауып, 19-ы дене жарақатын алды. Ал биыл тек төрт айдың өзінде мұндай 20 жол апаты тіркеліп, салдарынан 3 жасөспірім көз жұмды.
Толығырақ: https://fb.watch/kBSirDycjH/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *