Басты ақпаратЖаңалықтар

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Сұйытылған газ бағасы қымбаттайды.

Бұл туралы еліміздің энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет бекіткен мұнай өнімінің шекті көтерме бағасы өндіру құнынан төмен. Сондықтан, газ саласы шығынға батуы мүмкін дейді ол.

«Сұйытылған мұнай газы өндірісінің тиімсіздігіне байланысты сала шығынға ұшырайды, тұрақты жөндеу жұмысы жасалмайды және жаңғыртуға қаражат салынбайды», — деп атап өтті министр. Газ бағасының құны жылдан жылға өсе бермек.

Биыл әр облысқа байланысты 5-8 теңге аралығында қымбаттайды. Министрге скесек, былтыр автогаз тұтыну көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіпті. Қазір сұйытылған мұнай газының бағасы 54-86 теңге аралығында. Бұл басқа елдермен салыстырғанда бірнеше есе төмен.

Мәселен, Ресейде бір литр газ – 165 теңге болса, Қырғызстанда 159, Әзірбайжанда 171 және Тәжікстанда 273 теңге тұрады. Ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі «Теңізшевройлмен» келісімге келді. Ол бойынша ЖШС ай сайын 20 мың тонна сұйытылған газ жеткізілмек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

БИЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 3700 ХАБАРЛАМА ТІРКЕГЕН

Биыл заңға енгізілген өзгеріске байланысты 102 операторына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлама түскен жағдайда полицейлердің ерлі-зайыптылардың ...