Жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ҚҰРБАНДАРЫН АЗА ТҰТТЫ

Қазақстандықтар коронавирус құрбандарын аза тұтты. Атыраудағы бір минуттық үнсіздік сағат тілі тура 11-ді соққанда басталды. Мекемелердің ғимаратына ілінген ту төмен түсіріліп, қызметкерлер далаға шығып, қайтыс болғандарды еске алды.  Қауіпті инфекциямен күресте көз жұмғандарға облыс әкімдігі де құрмет көрсетті.

Ал ақхалаттылар жұқпалы аурулар ауруханасының алдына жиналды. Олардың әріптестері де осы індетпен күресте көз жұмған еді. Солардың бірі салада 40 жыл еңбек еткен марқұм Жұмабек Дәулетов. Ол өмірінің соңғы айына дейін Ковид-19-бен күресіп, науқастарға көмек көрсетіпті.

Еркін САБЫРОВ,  Еркінқала дәрігерлік амбулаториясының директоры

  • Өкінішке орай біздің әріптестеріміз, майданның ең алдыңғы шебінде қызмет жасап жүрген Бағыт, Ғаділет ағамыз осы індеттің кесірінен көз жұмды. Барша атыраулықтарға қайғысына ортақ екеенімізді білдірігіміз келеді. Алдағы уақытта осы індеттен аман-есен шығып, аманшылық болғанын тілейміз.

Коронавирус инфекциясының аймақтағы ең ірі ошағы — Теңіз кен орны. Ондағы 2 мыңнан астам жұмысшы қауіпті дертке шалдыққан. Компания басшылығы пандемиядан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «Теңізшевройл» ЖШС Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері

  • Коронавирус инфекциясынан қаза болғандардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Вирус қай-қайсымызды  да айналып өтипеді. Біз жақындарымызбен достарымыздан, туыстарымыздан  айырылып жатырмыз. Бұл әр отбасының қайғысы. Біз бақилық болған жандарды сіздермен қайғыра еске аламыз. Қазақстан, ел болып бұл қиындықты жеңеміз деген сенімдемін. 

Бұл қатарда ембілік мұнайшылар да болды. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік басқармаларында вирус жұқтырған 400-ден астам жұмысшы анықталған. Қара шаңырақтағылар әр қазақстандықтың, әр мұнайшының амандығын тілейтіндерін жеткізді. Тек соңғы бір аптада елде бұл дерттен 111 адам қаза тапты. Ал індет басталғалы 375 адам қауіпті инфекцияның құрбаны болған.  Айта кету керек, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 60-мыңға жуықтайды. Оның жартысынан көбі жазылып шықты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *