Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Индонезиядағы ұшақ апаты: 10 адамның денесі табылды

Boeing апатынан қаза тапқандардың мүрделері тәулік бойы іздестіріліп жатыр. Құтқарушыларға тиісті тапсырманы Индонезия президенті Джоко Видодо жүктеді. 

Елдің төтенше жағдайлар бойынша ұлттық агенттігінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстары Ява аралында жүргізілуде. Әзірге ұшақтың қирандылары мен бірнеше жолаушының денесі ғана табылған.

Бүгін президент әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларымен кездесті. Қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Еске салайық, ұшақтың бортында 189 адам болған. 8 экипаж мүшесі және 181 жолаушы. Қайғылы апаттан тірі қалғандар жоқ. Құтқарушылар әзірге судан 10 адамның денесін тапты.

Дереккөз: 24.kz

Оқи отырыңыз...

9 МЛН МОЛОДИ РЫБЫ СПАСЛИ В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Әкімнің баталы есебі

Атырауда қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды