Жылыой ауданындағы тасқын салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындарға өтемақы әлі төленіп жатыр. Жалпы зардап шеккен үй иелерінен 2650 өтініш түсіп, 2632 адам жергілікті билікпен келісім-шарт жасаған. 18 адам техникалық зерделеу және бағалау қорытындысына келіспейтіндігін айтыпты. Осы уақытқа дейін 2603 тұрғынға өтемақы төленген. Оның ішінде 1429 тұрғын жаңа үй сатып алатындығын айтса, 1174-і баспанасына күрделі жөндеу жасамақ.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0