Жеке медициналық кітапша электронды форматқа көшті. Енді қазақстандықтар оған қатысты мәліметтерді және медициналық тексеру нәтижелерін E-Densaulyk сервисі арқылы eGov mobile қосымшасынан ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартып, дәрігерге қайталап бару қажеттілігін жояды, дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері.
