Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА САФИ ӨТЕБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Атырау, Caspian News. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай, еліміздің мұнай-газ саласының өркендеуіне үлес қосқан Сафи Өтебаевтың құрметіне ескерткіш ашылды.

Мүсін Батыс аймақтағы көптеген кен орындарын ашқан Сафи Өтебаев есімін иеленген Атырау мұнай және газ университетінің ауласынан орын алды. Бұл бастама «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, KAZENERGY Ассоциациясының, «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен жүзеге асты. Шараға елдің түкпір-түкпірінен мұнай-газ саласының ардагерлері, мұнай компанияларының өкілдері мен Сафи Өтебаевтың жақындары қатысты.

Ескерткіштің биіктігі 7 метр. Мүсін қоладан құйылып, мәрмәр тұғырға орнатылған. Авторы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретші, мүсінші Ескен Сіргебаев.

Динара Жоламанова

Оқи отырыңыз...

ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

МЕЙІРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ ПАНКРАТИОННАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ